«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Aureos Central Asia Fund L.L.C.

050059, Қазақстан, Алматы қ., Әль-Фараби даңғ., 7, «Нурлы Тау», блок 4А, офис 14

телефон: +7 (727) 311 02 87, факс: +7 (727) 311 02 88

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2007 жылғы 13 қарашада КСМ  Директорлар кеңесі қорға қатысу туралы шешім қабылдады.

Қордың бірінші 50 миллион АҚШ  доллары сомасына жабылуы 2007 жылғы 27 қарашада өтті. Қазына Капитал Менеджмент (ҚКM),  Халықаралық Қаржы Корпорациясы  (IFC),  Ұлттар Ынтымақтастығы елдерін дамыту жөніндегі корпорация (CDC) және Нидерландты дамыту жөніндегі қаржы  компаниясы (FMO) инвесторлар болып бой көрсетті.

2008 жылдың екінші жартысында қордың екінші және үшінші жабылуы өтті. Инвесторлар қорына Жапония даму банкі  (DBJ) және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі  (EBRD) қосылды.

Қордың активтері  The  Abraaj Group басқарушы компанияның басқаруында тұр.

 Инвестициялық артықшылықтар  
 Инвестициялау географиясы Қазақстан (қордың 50% кем емес), Орта Азия және Кавказ
 Қордың капитализациясы 70 миллион АҚШ  доллары
 ҚКМ үлесі 10 миллион АҚШ  доллары
 Инвесторлар ҚКM, IFC, CDC, FMO, EBRD, DBJ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛI:

«Лизинг Групп» АҚ  Қазақстан нарығында  2005 жылғы  қыркүйектен бастап қызмет етеді. Компания қызметінің негізгі бағыты - қаржы лизингі мен факторинг құралдарын пайдалана отырып инвестициялау. Aureos Central Asia Fund  компанияның жалғыз акционері болып табылады. www.lease.kz


fond007«Корпорация Держава» ЖШС  1998 жылы кәсіпкерлер тобы ұйымдастырған. Өндіріс  нарықтың көтерме және бөлшек сегменттеріне  бағытталған және лак-бояу нарығының: бояу, лак, эмаль; автохимия; химия өнеркәсібіне арналған жартылай фабрикаттар шығару жөніндегі үш сегментіне шоғырландырылған. 2010 жылы компания ISO 9001-2000 сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификатталған. «Корпорация «Держава» ЖШС Қазақстанның 16 аумағында дистрибьютерлік желісі бар. www.derzhava.kz


fond008«Азия Электрик» АҚ  1992 жылы Талдықорған қаласында ұйымдастырылған және  жеті ірі кәсіпорынды біріктіреді. Өндіріс 5000-нан астам  әртүрлі электр кабелін және өткізгіштерді, сондай-ақ электрсанауыштары мен басқа аспаптарды шығарады. Бұл өнім  Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, сондай-ақ Ресейдің  кейбір аумақтарына  жіберіледі. «Азия Электрик» инновацияларға және жаңа технологияларды енгізуге жүйелі түрде қаражат жұмсайды. Өндіріс ISO 9001-2000 сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификатталған. www.asia-electric.kz


fond009«АЛА ТВ» ЖШҚ  1998 жылдан бастап Қырғыз Республикасындағы эфирлік-кабельдік телевизияның операторы болып табылады. Компания кабель желісі және MMDS жүйесі арқылы қызметтер ұсынады. «Ала ТВ»  ҚР ақылы телевизия нарығына бірінші болып келіп оның сөзсіз көшбасшысы болып табылады.