Мансап

QIC-те мансап құру QIC-пен бірге, Қазақстанмен бірге


QIC – бұл баламалы инвестициялар нарығының соңғы үрдістеріне сәйкес әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін тәжірибелі, өршіл және серпінді команда. Біз елдің және болашақ ұрпақтың өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделіміз.

QIC қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі және олардың кәсіби өсуі үшін жағдай жасайды.

Күнделікті өмір

Біз тәуелсіз ойлау мен бастаманы бағалаймыз және жаһандық және ел үшін маңызды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін қызметкерлердің кәсіби өсуіне ықпал етеміз.

Заманауи корпоративтік мәдениет

QIC-тің басым міндеттерінің бірі қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі, олардың кәсіби өсуі, лайықты табыс табу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және өндіріс мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

QIC өз қызметі шеңберінде барлық жұмысшыларға жұмысқа орналасу, жалақы төлеу, бағалау, дамыту, оқуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, компаниядан кету кезінде тең мүмкіндіктер беру қағидатын басшылыққа алады.


Әртүрлілік пен инклюзияға берілгендік

«QIC» АҚ-да біз қызметкерлердің дағдылары мен тәжірибесі жоғары бағаланатын оң және инклюзивті жұмыс ортасын қамтамасыз етуге тырысамыз. Қызметкерлер арасында әртүрлілік пен инклюзтілікті қолдау біздің компания табысының кілті деп санаймыз.

Айырмашылықтар мен әр түрлі көзқарастарды құптай отырып, біз компанияда неғұрлым бай кәсіби тәжірибе құрамыз және компанияның инновациялық идеялар мен тұжырымдамаларды әзірлеу, сондай-ақ барынша негізделген инвестициялық шешімдер қабылдау қабілетін жетілдіреміз.

Бос орындар

Біздің тобымызға қосылыңыз