«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Тәуекелдерді басқару

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің қатысушыларын айқын анықтайтын, Директорлар кеңесінің бекіткен құрылымы бар. Құрылым Талдау және тәуекелдерді басқару қызметінің бар екендігін назарға алады. Құрылымды Басқарма Төрағасына тікелей есеп беретін Қызмет Директоры жүргізеді. Тәуекелдерді басқарудың бекітілген саясаты келесідей басқару органдары, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелер: Бірден-бір акционер, Директорлар кеңесі, Аудит және тәуекелдер комитеті, Басқарма, Инвестициялық комитет, Талдау және тәуекелдерді басқару қызметі, Ішкі аудит және құрылымдық бөлімшелер қызметінің рөлдері мен міндеттерін, тәуекелдерді басқарудың ұйымдастырылған құрылымын анықтайды.

Қызмет Қоғам Басқармасының, Аудит және тәуекелдер комитеті және Директорлар кеңесінің алдында тоқсан сайын есеп береді. Тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру бойынша жасалған жұмыстардың шеңберінде, 2014 жылы ішкі нормативтік құжаттарды өзекті ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қоғам қызметкерлерінің тәуекел-мәдениетін арттыру мақсатында, тәуекелердің тікелей иеленушілерімен бірігіп, Қоғамға тән тәуекелдерді сәйкестендіру іске асырылды. Қоғамның сәйкестендірілген тәуекелдер жиынтығы мен олардың қаржы қызметіне әсер ету деңгейі Қоғамның тәуекелдер Картасы мен Тізілімінде анықталады.

2014-2015 жылдары тәуекелдерді басқару саласындағы (PricewaterhouseCoopers) консультанттар «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен бірігіп Қоғамның тәуекелдерін басқару жүйесіне диагностика жасады.