«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Корпоративтiк басқару

ҚКМ өзінің қызметінде сақталуы жоғары қаржылық нәтижелерге қол жеткізумен қатар компанияларға деген сенімнің күшеюіне ықпал ететін  корпоративтік басқарудың халықаралық және қазақстандық стандарттарын басшылыққа алады. ҚКМ корпоративтік басқаруының принципы мен рәсімдері «Қазына Капитал Менеджмент»-нің Корпоративтік басқару кодексінде қалыптастырылған.

Корпоративтік басқару кодексінің негізін қалаушы принциптері:

• жалғыз акционердің құқығы мен мүддесін қорғау принципі;

• Директорлар кеңесінің тиімді басқару принципі;

• компания қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен жан-жақтылығы принциптері;

• заңдылық және жоғары іскерлік этика принциптері;

• тиімді дивидендтік саясат принциптері;

• тиімді кадрлық саясат принципі;

• корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты;

• жауапкершілік принципі.

Компания қатысушысы, құрылтайшысы немесе мүшесі болып табылатын еншілес және тәуелді қоғамдар мен өзге заңды тұлғаларға қатысты бірыңғай корпоративтік саясатты ұстайды.