Корпоративтік оқиғалар күнтізбесі

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамының 2020 жылғы 17 шілде-2021 жылғы 16 шілде кезеңіндегі акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті.

Бәйтерек Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамының 2020 жылғы жылдық есебін бекіту туралы шешім қабылдады. 28.07.2021

«Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесін сайлау туралы шешім қабылдады.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен еншілес ұйымдардың «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына ұсынатын есептіліктердің тізбесі мен нысандары жаңа редакцияда бекітілді.

«Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қазына Капитал Менеджмент»акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасын сайлады.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және мүшесін сайлау туралы шешім қабылдады.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы акцияларының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады.

«Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыру туралы шешім қабылдады.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының жылдық жеке және шоғырландырылған қаржылық есебі бекітілді, 2020 жылдың қорытындылары бойынша қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлемеу, «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері, сондай-ақ «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне төленген және есептелген сыйақылардың мөлшері мен құрамы туралы ақпараттар назарға алынды.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен 2020 жылғы 21 қазаннан бастап «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі М.Т. Омаровтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және А.Е. Нұрғожин 2020 жылғы 28 қазаннан бастап Жалғыз акционердің өкілі ретінде «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

1 2 3 4 5