Директорлар кеңесінің мүшесі

Тәуелсіз директор

Пейдж мырзаның халықаралық қаржы және қосылу және жұтылу операциялары бойынша 30 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.

Николас Пейдж

Пейдж мырза Англия мен Уэльстің Дипломды бухгалтерлер институты (ICAEW) Кеңесінің мүшесі және ICAEW Тұрақты даму комитетінің мүшесі болып табылады. Өзінің мансабында Пейдж мырза ESG деректерін өңдеу жөніндегі жетекші тәуелсіз бөлімшенің «ESG Book» атқарушы емес директоры, штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан тұрақты даму және жасанды интеллект саласындағы активтерді басқару жөніндегі компания - «Arabesque Holding Ltd» қаржы директоры, ал бұған дейін Ұлыбританиядағы «PricewaterhouseCoopers LLP» серіктесі болды, онда қаржы институттары мен тікелей инвесторларға қосылу және жұтылу бойынша консультациялар беріп, бірқатар басшылық қызметтер атқарды. Пейдж мырза сонымен қатар «EuroChem Group AG» тыңайтқыштар өндіру жөніндегі халықаралық бизнестің және «SUEK Group» көмір өндіруші кәсіпорнының директорлар кеңестерінде атқарушы емес директор қызметін атқарды.

2020 жылдың қазан айының соңында ол «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып сайланды. 2022 жылдың 22 сәуірінен бастап «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып қайта сайланды.

2023 жылдың 30 маусымынан бастап Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен ол Аудит және тәуекелдер комитетінің төрағасы, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитетінің және Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитетінің мүшесі болып сайланды.

Пейдж мырза 1990 жылы Лофборо университетін «Азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша үздік бітірді және ICAEW мүшесі болып табылады.

Ол «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның жүз пайыз еншілес компаниясы болып табылатын BGlobal Ventures Limited Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Еншілес компаниялардың акцияларына иелік етпейді.  

Ұлыбритания азаматы және Лондонда тұрады.