BGlobal Ventures стратегиялық сессиясы

18.09.2023

2023 жылғы 12 қыркүйекте тәуелсіз директорлар – «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен BGlobal Ventures стратегиялық сессиясы өтті.

2023 жылғы 12 қыркүйекте тәуелсіз директорлар – «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен BGlobal Ventures стратегиялық сессиясы өтті.

Сессия барысында BGlobal Ventures бас директоры Абай Әбсамет компанияның қызметі, оның негізгі даму векторлары және іске асырылуы Қазақстанның венчурлік экожүйесінің одан әрі серпінді дамуына оң әсер ететін негізгі бастамалар туралы бөлісті.

Ол сондай-ақ BGlobal Ventures жаңа бастамалары өңірлік венчурлық нарықтың қазіргі қажеттіліктеріне және Үкіметтің бизнес-періштелер, венчурлық қорлар мен корпорацияларды қоса алғанда, жеке сектордың нарыққа қатысуын тарту және жұмылдыру жолымен инновациялық жобаларды іске қосу туралы көзқарасына жауап беретінін атап өтті.

Сонымен бірге, сессия барысында тәжірибелі халықаралық сарапшыларды тарта отырып, нысаналы топтарды қолдаудың қаржылық және қаржылық емес құралдары талқыланды.

«Бизнес-періштелер мен басқарушы компаниялардың (GP) жаңа толқынын тәрбиелеуге бағытталған BGlobal Ventures білім беру бағдарламаларын іске асыру Орталық Еуразияның венчурлық нарығын дамытуға елеулі серпін бере алады. Соңғы бес жылда өңірдің инновациялық инфрақұрылымында үлкен ілгерілеу орын алды, көптеген акселерациялық бағдарламалар мен бизнес-инкубаторлар іске қосылды, бұл бәсекеге қабілетті стартап қоғамдастықты қалыптастыру үшін себеп болды, енді нарыққа жеке капитал мен smart инвесторлар қажет», – деп атап өтті BGlobal Ventures тәуелсіз директоры Николас Пейдж.

«BGlobal Ventures Ltd» жеке компаниясы – «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ еншілес ұйымы, оның негізгі мақсаты Қазақстанда және Орталық Еуразияда венчурлік капитал нарығын дамыту болып табылады. BGlobal Ventures қызметі туралы толық ақпаратты мына сілтемеден табуға болады: https://bglobal.vc/kz.

Присоединяйтесь к нашей команде