QIC алғаш рет Sustainable Fitch агенттігінен тұрақты даму рейтингіне ие болды

22.12.2023

Fitch халықаралық рейтингтік агенттігінің Sustainable бөлімшесі «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-на («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы, QIC) 59 жалпы балмен «3» деңгейінде ESG рейтингін берді. Бұл рейтинг QIC-тің тұрақты даму қағидаттарына берік бейілділігін көрсетеді.

ESG рейтингі компанияның тұрақты дамуға бағдарлануымен, ESG мәселелерін инвестициялық және операциялық қызметке кіріктіруімен және корпоративтік басқарудың оң бейінімен анықталады.

QIC — тікелей инвестициялар қорларының қоры, оның міндеті Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. Жаңартылатын энергия көздеріндегі QIC жобалары компанияның 2022 жылдың аяғындағы жалпы инвестициясының 9%-ын құрайды, деп атап өтті Sustainable Fitch.

Бағалау сондай-ақ 63,3 млрд. теңге мөлшерінде ШОБ-ты қаржыландыру үлесін ескереді, бұл портфельдің жалпы көлемінен 35% құрайды.

Бұл ретте, QIC портфеліндегі 54 жобаның 39-ы ШОБ-қа тиесілі және БҰҰ-ның 8-ші (лайықты еңбек және экономикалық өсу) және 9-шы (өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым) тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл көрсеткіш ШОБ-тың қаржыландыруға қолжетімділігін де көрсетеді.

Компанияның экологиялық рейтингіне QIC жобаларының 1, 2 және 3-санаттағы шығарындыларды, сондай-ақ электр энергиясын, жылу энергиясын және суды тұтынуды қамтитын қоршаған ортаға әсері туралы егжей-тегжейлі ақпарат оң әсер етті. Кейбір көрсеткіштер соңғы үш жылда оң үрдісті көрсетеді.

Sustainable Fitch-те сонымен қатар QIC операциялық бейіні гендерлік алуантүрлілікті, ішкі аудит пен қадағалау функциясының тәуелсіздігін, қалыпты жалақы алшақтығын және тәуекелдерді сәтті басқаруды көрсететінін атап өтті.

Анықтама ретінде:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында негізгі мұраты Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан табуға болады.

Fitch агенттігінің ESG тұрақты рейтингтері ұйым, құрылым және құралдар деңгейінде барлық активтер сыныптарының экологиялық, әлеуметтік және басқару көрсеткіштерін бағалаудың жаһандық шешімін ұсына отырып, ESG қаржы қауымдастығына неғұрлым негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. Компания екінші тараптың пікірін (SPO) және ESG рейтингтерінің бақыланатын жиынтығын, соның ішінде кәсіпорын рейтингін, неніздемелік рейтингті және құрал рейтингін қамтамасыз ететін модульдік талдау құрылымын әзірледі.

ESG рейтингтері компаниялардың тиімділігін, оның бизнесіне экологиялық және әлеуметтік факторлардың міндеттемесі мен интеграциясын, стратегиясын және корпоративтік басқарудың тиімділігін көрсетеді. Рейтингтер «1»-ден «5»-ке дейінгі межелік бойынша қойылады, мұнда «1» — ең жақсы, ал «5» — ең нашар.

 

Присоединяйтесь к нашей команде