QIC және BGI Group бірлескен инвестициялық қорын құру туралы келісімге келді

18.10.2023
Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) және қытайлық BGI Group компаниясы Forebright Life Science Technology Fund бірлескен инвестициялық қорын құру туралы келісімге келді. Тараптар қатысудың негізгі шарттары туралы келісімге (Term Sheet) қол қойды. Құжатқа QIC Басқарма төрайымы А. Қуатова, BGI Group Басқарма төрағасының инвестициялар жөніндегі орынбасары Ли Цзинсян, сондай-ақ Forebright Capital Asia қорының Басқарма төрағасы Лю Ченг қол қойды. Құрылатын қор Таяу Шығыс пен Азия өңірлерінде, соның ішінде Қазақстанда мультиомикалық технологиялар және синтетикалық биология саласындағы инновациялық жобаларды қаржыландыруға бағытталады деп жоспарлануда. Репродуктивті технологияларды әзірлеуді, туа біткен ақаулардың алдын алу үшін пренаталды зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ жаңа туылған нәрестелерді кешенді тексеруді қоса алғанда, денсаулық сақтауға ерекше назар аударылады. Құжатқа сәйкес қордың нысаналы капиталдандыруы 200 млн. АҚШ долларын құрайды. Бастама Қазақстанда инновациялық технологияларды және Қор жобаларын өндіруді оқшаулауды, сондай-ақ қазақстандық медицина мамандарын оқытуға, тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді көздейді.

Присоединяйтесь к нашей команде