Қаріп өлшемі:

A
A
A

Фон:

A
A
A

Сурет:

Өшірулі
Қ/А
Түсі
Біздің қорлар
Da Vinci Emerging Technologies Fund III L.P.
Da Vinci Emerging Technologies Fund III L.P.
Капиталдандыру: $67,6 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Kazakhstan Infrastructure Fund C.V.
Kazakhstan Infrastructure Fund C.V.
Капиталдандыру: $105 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Baiterek Venture Fund
«Бәйтерек венчурлық қоры» АҚ
Капиталдандыру: 86,3 млрд тенге (активы)
Толығырақ
Біздің қорлар
DBK Equity Fund C.V.
DBK Equity Fund C.V.
Капиталдандыру: 33,5 млрд теңге
Толығырақ
Біздің қорлар
KCM Sustainable Development Fund I C.V.
KCM Sustainable Development Fund I C.V.
Капиталдандыру: 25,0 млрд теңге
Толығырақ
Біздің қорлар
Российско-Казахстанский фонд нанотехнологий
Ресей-Қазақстан нанотехнологиялар қоры
Капиталдандыру: $51 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
CITIC Kazyna Investment Fund I L.P.
CITIC Kazyna Investment Fund I L.P.
Капиталдандыру: $200,4 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Kazakhstan Growth Fund L.P.
Kazakhstan Growth Fund L.P.
Капиталдандыру: $80,8 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Kazakhstan Capital Restructuring Fund C.V.
Kazakhstan Capital Restructuring Fund C.V.
Капиталдандыру: $100 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Falah Growth Fund L.P.
Falah Growth Fund L.P.
Капиталдандыру: $500 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Macquarie Russia & CIS Infrastructure Fund C.V.
Macquarie Russia & CIS Infrastructure Fund C.V.
Капиталдандыру: $630 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Islamic Infrastructure Fund L.P.
Islamic Infrastructure Fund L.P.
Капиталдандыру: $226,5 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Wolfensohn Capital Partners L.P.
Wolfensohn Capital Partners L.P.
Капиталдандыру: $250 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Aureos Central Asia Fund L.L.C.
Aureos Central Asia Fund L.L.C.
Капиталдандыру: $37 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
CCL Kazakhstan “Silk Road” Agriculture Growth Fund
CCL Kazakhstan “Silk Road” Agriculture Growth Fund
Капиталдандыру: $40,404 млн
Толығырақ

«Жасыл» энергетика саласындағы жобалар жоспар бойынша іске асырылуда және CO2 шығарындыларын азайту бойынша нәтижелер береді

«Жасыл» энергетика саласындағы жобалар жоспар бойынша іске асырылуда және CO2 шығарындыларын азайту бойынша нәтижелер береді

«Астана Expo-2017» жел электр станциясының екінші іске қосу кешені мен Тұрғысын ГЭС құрылысын 2020 жылы аяқтау жоспарлануда.

Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) қоры үнемі жасыл инвестициялар портфелін ұлғайтып отырады, сол арқылы «жауапты инвестициялау» тәжірибесін енгізіп, Климат жөніндегі Париж келісімі шеңберінде қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауға үлес қосады.  ҚКМ инвестицияларының еншілес қорлар арқылы қатысуымен жаңартылатын энергия көздері саласында іске асырылған жобалардың қатарында  - 2019 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында қуаты 50 МВт «Байқоңыр» күн электр станциясын және 2020 жылғы қаңтарда Қарағанды облысында қуаты 10 МВт «Кеңгір» күн электр станциясын салу және пайдалануға беру. «Байқоңыр» электр станциясын салу және пайдалану бойынша жобаны «Baikonyr Solar» ЖШС, «Baiterek Venture Fund» АҚ (49%) және UG Energy Ltd (51%, Біріккен Корольдік) бірлескен кәсіпорны іске асыруда. Жобадағы серіктестер ЕҚДБ, АДБ және CTF болды. Станция жарты жылда салынды және бұл алғашқы энергетикалық нысандардың бірі, оның құрылысына тек қазақстандық мамандар ғана тартылды. 150 гектар аумақта 151 мың күн панелі және 14 инверторлық станция орнатылған. Оларға 20-дан астам адам қызмет көрсетеді. Өндірілетін энергия көлемі облыс орталығында және көрші аудандарда энергия тапшылығын жабу үшін жеткілікті. «Байқоңыр» электр станциясы қызметінің нәтижесі - 2019 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген сәттен бастап «жасыл» электр энергиясының 4.4 млн кВт*сағ, бұл шамамен 75 мың тонна парниктік газдар шығарындыларының алдын алуға мүмкіндік берді.

Қарағанды облысындағы қуаты 10 МВт «Кеңгір» күн электр станциясы - «KazGreen Energy» ЖШС өнімі, 2020 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді. Жарты жыл ішінде станция 7,7 млн кВт*сағ өндірді, бұл 7 722 килотонна көлемінде шығарындыларды азайтуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында қуаты 100 МВт «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының құрылысы аяқталып келеді, оны екі іске қосу кешені жүзеге асырады. 2019 жылғы 26 тамызда бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді, қазіргі уақытта екіншісін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электр станциясын салу процесінде электр энергетикасы саласындағы озық технологиялар, оның ішінде өңірдің суық климаттық жағдайларына бейімделген жел энергиясын түрлендіру бойынша жаңа әзірлемелер кешені қолданылады. Жел станциясының бірінші және екінші іске қосу кешендерін салу жобасы ҚКМ, ҚДБ АҚ, ҚДБ-лизинг АҚ қаржылық қолдауымен және «KazGreenEnergy» ЖШС меншікті қаражаты есебінен іске асырылады.

«Жасыл» энергетика саласындағы басқа да жоба - ШҚО-да Тұрғысын өзенінде қуаты 24,9 МВт Тұрғысын ГЭС-ін салу белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл нысан 2020 жылдың 4 тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.

- Қазіргі уақытта жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық көлемі 90%-дан астам орындалды, гидрокүштік жабдығын монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары қалды, - дейді «Тұрғысын-1» ЖШС директоры Қалаубек Баймұханбетов. - Коронавирус пандемиясы және одан кейінгі шектеу шаралары бүкіл әлем бойынша біздің жобамызды да айналып өткен жоқ: ақпаннан бастап осы күнге дейін ГЭС-тің негізгі және қосалқы жабдықтарын монтаждау бойынша ЕРС мердігердің қытайлық мамандары Қазақстан Республикасының аумағына кіре алмай жүр. Егер тамыз айында ҚХР мен ҚР арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілсе, онда біз ГЭС-ті осы жылдың соңына дейін пайдалануға бере аламыз.

Тұрғысын ГЭС-ін іске қосу электр энергиясын өндірудің өзіндік құнын төмендетуге және оның тапшылығын Шығыс Қазақстан облысында жылына 78 млн КВт сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді, пайдалану кезеңінде 15 адамға жаңа жұмыс орындарын ашады. Сондай-ақ Тұрғысын ГЭС іске қосылғаннан кейін ШҚО-да атмосфераға көміртегі оксидтерінің шығарындылары жылына 680 тоннаға қысқарады деп болжануда.

Тұрғысын ГЭС құрылысының жобасы ҚКМ, ҚДБ АҚ, ҚДБ-лизинг АҚ қаржылық қолдауымен және «Тұрғысын-1» ЖШС өз қаражаты есебінен іске асырылуда.

 Анықтама:

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ - 2007 жылы құрылған тікелей инвестиция қорларының қоры болып табылады, оның негізгі миссиясы - Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту. «Бәйтерек» ҰБХ » АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты  www.kcm-kazyna.kz сайтынан табуға болады.

«Baiterek Venture Fund» АҚ-тікелей инвестициялар қоры 2014 жылы Қазақстан экономикасының басым салаларында жұмыс істейтін отандық компанияларға қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылған. Қор іске қосу, өсу және жетілу кезеңдерінде Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының ШОБ перспективалы компанияларына тікелей инвестициялауды жүзеге асырады. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты  http://bvfund.kz сайтынан табуға болады.

«BV Management» ЖШС - тікелей инвестициялар нарығындағы басқарушы компания. DBKEF және KCM SDF тікелей инвестициялар қорлары бойынша бас серіктес ретінде әрекет етеді. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты  www.kcm-kazyna.kz сайтынан табуға болады.

Установите приложение:
1) Откройте сайт в Браузере
2) Нажмите Меню браузера
3) Добавить на экран домой