Қаріп өлшемі:

A
A
A

Фон:

A
A
A

Сурет:

Өшірулі
Қ/А
Түсі
Біздің қорлар
Da Vinci Emerging Technologies Fund III L.P.
Da Vinci Emerging Technologies Fund III L.P.
Капиталдандыру: $67,6 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Kazakhstan Infrastructure Fund C.V.
Kazakhstan Infrastructure Fund C.V.
Капиталдандыру: $105 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Baiterek Venture Fund
«Бәйтерек венчурлық қоры» АҚ
Капиталдандыру: 86,3 млрд тенге (активы)
Толығырақ
Біздің қорлар
DBK Equity Fund C.V.
DBK Equity Fund C.V.
Капиталдандыру: 33,5 млрд теңге
Толығырақ
Біздің қорлар
KCM Sustainable Development Fund I C.V.
KCM Sustainable Development Fund I C.V.
Капиталдандыру: 25,0 млрд теңге
Толығырақ
Біздің қорлар
Российско-Казахстанский фонд нанотехнологий
Ресей-Қазақстан нанотехнологиялар қоры
Капиталдандыру: $51 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
CITIC Kazyna Investment Fund I L.P.
CITIC Kazyna Investment Fund I L.P.
Капиталдандыру: $200,4 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Kazakhstan Growth Fund L.P.
Kazakhstan Growth Fund L.P.
Капиталдандыру: $80,8 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Kazakhstan Capital Restructuring Fund C.V.
Kazakhstan Capital Restructuring Fund C.V.
Капиталдандыру: $100 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Falah Growth Fund L.P.
Falah Growth Fund L.P.
Капиталдандыру: $500 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Macquarie Russia & CIS Infrastructure Fund C.V.
Macquarie Russia & CIS Infrastructure Fund C.V.
Капиталдандыру: $630 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Islamic Infrastructure Fund L.P.
Islamic Infrastructure Fund L.P.
Капиталдандыру: $226,5 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Wolfensohn Capital Partners L.P.
Wolfensohn Capital Partners L.P.
Капиталдандыру: $250 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
Aureos Central Asia Fund L.L.C.
Aureos Central Asia Fund L.L.C.
Капиталдандыру: $37 млн
Толығырақ
Біздің қорлар
CCL Kazakhstan “Silk Road” Agriculture Growth Fund
CCL Kazakhstan “Silk Road” Agriculture Growth Fund
Капиталдандыру: $40,404 млн
Толығырақ

«Қазына Капитал Менеджмент» қолдауымен жүзеге асырылған жел электр станциясының жобасы оң нәтижелерді көрсетуде

«Қазына Капитал Менеджмент» қолдауымен жүзеге асырылған жел электр станциясының жобасы оң нәтижелерді көрсетуде
2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығын қамтамасыз ету жолында Мемлекет басшысының 2020 жылғы желтоқсандағы БҰҰ саммитінде айтқан Климаттық амбициялар бойынша Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі бірқатар шараларды имплементациялайды. Олардың ішінде, ҚР жаңа экологиялық кодексі, ондағы өзгерістер кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілігін арттырады және парниктік газдар шығарындыларына квоталар мен қоршаған ортаға басқа да эмиссиялар құнын ұлғайту арқылы көміртекті реттеуді күшейтеді. Сонымен қатар, Париж климаттық келісімі аясында қабылданған міндеттемелерін орындау мақсатында Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15% - ға қысқартуға ниетті. «Жасыл» жобаларға инвестициялау өңірдегі климаттық жағдайды жақсарту бойынша Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге тікелей әсер етеді, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының бейілділігін арттырады және шетелдік инвестициялардың келуіне ықпал етеді. «Қазына Капитал Менеджмент» (бұдан әрі ҚКМ) АҚ («Бәйтерек» ҰБХ АҚ еншілес ұйымы) «жасыл» жобалар портфелін ұлғайта отырып, жауапты инвестициялау қағидаттарын басшылыққа алады. Бүгінгі таңда «жасыл» энергетика саласындағы жалпы сомасы 12,4 млрд. теңгеден асатын 4 жобаға қолдау көрсетілді. Тікелей Инвестициялар қорлары арқылы ҚКМ экономиканың шикізаттық емес секторларындағы кәсіпорындарға үлестік және мезониндік қаржыландыру көмегімен қолдау көрсетеді. Harvard Business School мәліметтері бойынша, LP-нің 71% - ы ESG қағидаттарының болмауына байланысты GP инвестициялық бастамасынан бас тартады. Сонымен қатар, тұрақты дамудың жоғары деңгейіне ие компанияларға салынған $1 төмен деңгейлі компанияларға қарағанда 51% - ға көп табыс әкелді. «Жасыл» энергетика саласындағы ҚКМ табысты инфрақұрылымдық жобаларының бірі - «ОАОЭК Green Energy» ЖШС (ОАОЭК Грин Энерджи) іске асырған жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт Астана ЕХРО-2017 жел электр станциясының құрылысы. Жобаны іске асыру 10 000-нан астам отбасының жылдық тұтынуын экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етті. Жел электр станциясы (бұдан әрі-ЖЭС) жылына 79 000 мың тоннадан астам шартты отынды үнемдейді, парниктік газдар шығарындыларын жылына 230 000 тоннаға азайтады, бұл 113 000 автомобиль шығарындыларының көлеміне тең. Нысанның құрылысы кезеңінде 300-ден астам жұмыс орны құрылды және 20-дан астам маман ЖЭС пайдалану бойынша оқытудан өтті. ЖЭС іске асыруды екі іске қосу кешені жүзеге асырды: қуаты 50 МВт I іске қосу кешені 2019 жылғы 26 тамызда пайдалануға берілді, ұқсас қуаты бар II іске қосу кешені 2020 жылғы 26 қарашада пайдалануға берілді. Қазына Капитал Менеджмент - DBK Equity Fund C. V және Baiterek Venture Fund басқаруындағы қорлар үлестік және мезониндік қаржыландыру құралдары арқылы 2018 жылы AOM Metal B. V. «ЦАТЭК Green Energy» (ЦАТЭК Грин Энерджи) ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу жолымен, Ақмола облысында қуаты 50 МВт ЖЭС алғашқы іске қосу кешенін салу жобасын іске асыру үшін 3,6 млрд теңге көлемінде инвестиция берді. 2019 жылғы 18 қазанда Ақмола облысында қуаты 50 МВт жел электр станциясының екінші іске қосу кешенінің құрылысы жобасын іске асыруға қаржыландыру көлемі «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС-дағы (ЦАТЭК Грин Энерджи) қатысу үлесін арттыру жолымен 1,115 млрд теңгені құрады. ЖЭС Ақмола облысының климаттық жағдайларына бейімделген жел энергиясын түрлендіру бойынша жаңа әзірлемелер мен технологиялар кешені пайдаланылады. Жел энергетикасының әлемдік көшбасшысы VESTAS компаниясы шығарған 29 жел электр қондырғысы орнатылды. «Жасыл» энергетикаға инвестициялау арқылы ҚКМ климаттық өзгерістер салдарымен күреске үлес қосады. Өз командасының тәжірибесін дамыта отырып, ҚКМ инвестициялық қызметтің барлық кезеңдерінде ESG-стандарттарды біріктіре отырып, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы кәсіпорындарға қолдау көрсететін болады.
Установите приложение:
1) Откройте сайт в Браузере
2) Нажмите Меню браузера
3) Добавить на экран домой