«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Тарих

Мемлекет басшысының қорлар қорын құру тапсырмасы  берілген Қазақстан Республикасы Президентінің  2007 жылғы 28 ақпандағы  Қазақстан халқына өзінің жыл сайынғы жолдауында  айтылған  бастамасы "Қазына Капитал Менеджмент"  АҚ құрудың алғышарты болып табылды.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында  «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Директорлар кеңесі   2007 жылғы 7 наурызда  «Қазына Капитал Менеджмент»  АҚ құру туралы  шешім қабылдады.

2007 жыл

2007 жылғы 28 ақпан

Қазақстан Республикасы Президентінің  қорлар қорын құру  тапсырмасын берген жолдауы.

2007 жылғы 7 наурыз

«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Директорлар кеңесі   «Қазына Капитал Менеджмент»  АҚ   құру  туралы  шешім қабылдады.

2007 жылғы 6 сәуір

Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №310  Жарлығымен   Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары бекітілді, оның 30-тармағында қорлар қорын құру тапсырмасы берілді.

2007 жылғы 9 сәуір

«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ  Басқармасы   «Қазына Капитал Менеджмент»  АҚ  Жарғысын және  Инвестициялық саясаты жөніндегі меморандумын  бекіту туралы шешім қабылдады, жарғылық капиталдың мөлшерін анықтады, сондай-ақ  «Қазына Капитал Менеджмент»  АҚ  қызметінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелері шешілді.

2007 жылғы 23 мамыр

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Алматы қ. Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу жүргізілді.

2007 жылғы 16 шілде

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ акциялары эмиссиясын мемлекеттік тіркеу жүргізілді.

2007 жылғы қыркүйек

Қазына Капитал Менеджменттің корпоративтік басқару органдары құрылды және белсенді практикалық қызметі басталды.
 
2007 жылғы 13 қараша

Қазына Капитал Менеджменттің  Директорлар кеңесі    Aureos Central Asia Fund қорына қатысу туралы шешім қабылдады.  

2008 жыл

2008 жылғы 12 мамыр

Тәжікстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде  Қазына Капитал Менеджмент пен Тәжікстан Республикасының  Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі  мемлекеттік комитеті арасында «Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қоры» АҚ құрылтайшылық құжаттарына қол қойылды.

2008 жылғы 7 маусым

Санкт-Петербург қаласында өткен  Халықаралық экономикалық форум барысында Macquarie Renaissance Infrastructure Fund-қа  бірлесіп инвестициялау туралы ниет білдірген Ресей Внешэкономбанкі, Еуразиялық Даму Банкі (ЕДБ), Қазына Капитал Менеджмент,  Macquarie Group және Renaissance Group арасында Өзара түсіністік туралы хаттамаға қол қойылды.

2008 жылғы 26 тамыз

Қазына Капитал Менеджменттің  Falah Growth Fund қорына қатысуы туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің  2007 жылғы қарашадағы Біріккен Араб Әміриаттарына сапары кезіндегі қол жеткізілген уағдаластытықтар  оны құруға негіздеме болып табылды.

2008 жылғы 20 қазан

Қазына Капитал Менеджменттің (ККМ)  жұмыс істеп жатқан  Wolfensohn Capital Partners қорына қатысуы туралы шешім қабылданды.

2008 жылғы 3 желтоқсан

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ)  мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшылығы арасында Kazakhstan Growth Fund  қорын құруға қатысты  Ниеттер туралы хаттамаға қол қойылды.

2008 жылғы 4 маусым

Қазына Капитал Менеджмент пен и  CITIC Capital  қытай инвестициялық компаниясы арасында CITIC Kazyna Investment Fund I қорын құру туралы ниеттер хаттамасына қол қойылды.  Бірлескен қорды қалыптастыру туралы уағдаластыққа 2007 жылғы тамыздағы  Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына сапары кезінде қол жеткізілді.

2009 жыл

2009 жылғы 27 ақпан

ҚКМ-ның, Халықаралық Қаржы Корпорациясының (IFC),  Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) ,  Macquarie Group және Renaissance Group қатысуымен Macquarie Renaissance Infrastructure Fund бірінші жабылуы өтті .

2009 жылғы 26 мамыр

CITIC Kazyna Investment Fund I қорын құру жөніндегі құрылтайшылық құжаттарға қол қойылды.

2010 жыл

2010 жылғы 3 маусым

4-ші Халықаралық инвестициялық саммит шеңберінде   ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund  Қазақстандық қайта құрылымдау қорын құру туралы Келісімге  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының Төрағасы Қайрат Келімбетов және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) Президенті Томас Миров  қол қойды.                       

2010 жылғы 14 қазан

Гонконгте Қазақстан Республикасы  Премьер-министрінің қатысуымен қазақстан-гонконг  даму қорын құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

2011 жыл

2011 жылдың қарашасы -  "Қазына Капитал Менеджмент" компаниясы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сенімгерлік басқаруына берілді.

2011 жылдың  21 желтоқсаны -  Астана қаласындағы баспасөз-конференцияда "Роснано", "Қазына Капитал Менеджмент", I2BF және ВТБ Капитал басқарушы компаниялары бірлескен нанотехнологиялар қорын құру туралы жариялады. Құжаттарға қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Әсет Исекешев қатысты.

2012 жыл

2012 жылдың қазаны - Kazakhstan Growth Fund-тың якорлық инвесторлары ретінде "Қазына Капитал Менеджмент" пен Еуропалық Қайта құрылымдау және Даму банкінің бірлескен шешімі бойынша, қор ADM Capital басқаруына берілді.

2013 жыл

2013 жылдың 29 мамырынан бастап "Қазына Капитал Менеджмент" компаниясы "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның сенмгерлік басқаруына берілді (2011 жылдың қарашасы және 2013 жылдың мамыры аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бақаруында жұмыс істеді).

2014 жыл

ҚКМ АҚ Ислам Инфрақұрылымдық Қор инвесторларының консорциумына қосылды.