«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Негізгі мақсаттар мен міндеттер

Мақсаттары:

• Қазақстан экономикасының шикізат емес секторларына жеке отандық және шетел капиталдарын инвестициялау белсенділігін көтеру және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;

• Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын, кәсіби басқарушы компаниялар индустриясын институционалдық дамыту;

• жеке бизнес мүддесін ескере отырып, мемлекеттік сипаттағы міндеттерді шешуге арналған жүйежасаушы және инфрақұрылымдық жобалардағы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту.

Міндеттері

• отандық және шетелдік  инвестициялық қорлар мен жобалау компанияларының  акционерлік капиталына қатысу арқылы тікелей инвестициялар инфрасқұрылымын құру жолымен мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысу;

• Қазақстанға ірі институционалдық инвесторларды тарту, сондай-ақ экономиканың шикізат емес секторларын инвестициялық қорлар  арқылы бірлесіп қаржыландыру үшін  отандық  инвесторларды ынталандыру;

• стратегиялық серіктестер ретінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі мен тұрақты табыс көрсеткіштері бар жетекші халықаралық ұйымдар мен басқарушы компанияларды тарту;

• қазақстандық  экономика мүддесіне сәйкес мемлекетаралық инвестициялық қорлар мен жобалау компаниялары капиталына қатысу  механизмі арқылы біршама тартымды шетелдік активтерді іріктеу.