«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамы

Холдинг туралы

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2013 жылы құрылған.Негізгі міндеті – жеке меншік құқы бар, сонымен қатар ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, басқа заңды тұлғалар сеніп басқаруға берген акциялар пакетін  (қатысу үлесі) басқару болып табылады. Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 22 мамыр күнгі № 571 Жарлығына орай даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған.  2014 жылдың соңына қарағанда,  Холдинг өзінің аясына 11 еншілес ұйымды біріктірді.

«Бәйтерек» холдингінің маңызды міндеттерінің бірі - Холдинг компаниялары тобының тиімді және бір-бірін толықтыратындай жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

МИССИЯСЫ

«Стратегия-2050»-де белгіленген мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік-бейімделген міндеттерді шешу және  онда қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржыландыру және экономиканың  басымдық секторларына қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ету.

КЕЛЕШЕГІ

2023 жылғы Холдинг  – Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржылық агенті болып табылатын, елдің экономикасының әртараптандырылуын, жаңалануын және тұрақты дамуын, мемлекеттің әлеуметтік-бейімделген міндеттерінің шешілуін  қамтамасыз ететін  холдинг болмақ.

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫ

Холдинг құрамына  11  еншілес ұйым енеді:

  • Ірі жобаларды және кәсіпорындарды қаржыландыруға, инвес-тициялауға және экспорттық қолдауға,  индустриялық иннова-циялық дамудың 2014-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын даму институттары: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «ҚазынаКапиталМенеджмент» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры»АҚ,«ҚазЭкспортГарант» экспорт-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС.
  • Инновациялық қызметтің, шағын және орта бизнестің  дамуына қолдау көрсетіп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырушы институттар: «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.
  • Жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылысы жинақтары сала-сындағы жобаларды және «Өңірлерді дамытудың  2020 жылға дейінгі бағдарламасын»  іске асыруға қатыстырылған қаржылық ұйымдар мен ұлттық компаниялар:  «Қазақстанның тұрғын үй жинақтау банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Ипотекалық кредиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ.

«Бәйтерек» ҰБХ» ресми сайты – www.baiterek.gov.kz