«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Ресей-Қазақстандық нанотехнологияр қоры

010000, Астана қ., Сары Арқа к., 6, "Арман" Бизнес-орталығы, 1140 офис

тел.: +7 (7172) 790 304

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2011 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында «Қазына Капитал Менеджмент» РОСНАНО, «ВТБ Капитал» және «I2BF Global Ventures» Ресей-Қазақстандық нанотехнологиялар қорын құру жөніндегі мәрелік құжаттарға қол қойылғаны туралы хабарлады. Қор - екі ел басшыларының тапсырмасымен құрылды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің келісімдеріне сәйкес, екі мемлекетте де кәзіргі таңда инновацияларды дамытуға бағытталған жұмыс жалғасуда. Нанотехнологиялар қоры – осы атқарылып жатқан жұмыстың бір нәтижесі деуге болады.

Қордың мақсаттық мөлшері $100 млн. құрайды. РОСНАНО және Қазына Капитал Менеджмент  якорлық инвесторлары ретінде әрекет етті және әрқайсысы өзіне қорға $25 млн.  мөлшерде жарна енгізу жөнінде  міндеттемелер қабылдады. Ресей-Қазақстандық нанотехнологиялар қорының офистері Алматы және Мәскеу қалаларында ашылатын болады. Қор  10 жылға құрылады.

 Инвестициялық артықшылықтар Инвестициялар баламалы энергия,  көздерін қоса есептегендегі энергия өндірісі, мұнайгаз секторы, телекоммуникациялар, биотехнология, электроника, табиғат қорғау технологиялары сияқты секторлар
 Инвестициялау географиясы Қазақстан, Ресей
 Қордың мақсатты мөлшері 100 миллион АҚШ доллары
 ҚКМ үлесі 25 миллион АҚШ доллары

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛI:

fond20Laser Solutions инфрақұрылымдық объектілер мониторингінің бөлінген талшықты-оптикалық жүйелері саласында Ресей және ТМД нарықтарының үздігі болып табылады.