«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Macquarie Russia and CIS Infrastructure Fund

Астана қ., 010000, Қазақстан, Сығанақ көш., 25

тел.: +7 (7172) 550 754

Россия, г. Москва, 123317, Башня на набережной, блок С, Пресненская наб., 10

тел.: +7 (926) 109 7492

Damian Secen - Chief Executive Officer

damian.seсen@maсquarie.com

2008 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласындағы Халықаралық экономикалық форумның барысында  қорға бірлесіп инвестиция жұмсауға ниет білдірген Ресейдің Внешэкономбанкі, Еуразиялық Даму Банкі, Қазына Капитал Менеджмент,  Macquarie Group және  Renaissance Group арасында Өзара түсіністік туралы хаттамаға қол қойылған болатын.

2008 жылғы 26 тамызда КСМ қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.

Қордың бірінші жабылуы  2009 жылғы 27 ақпанда  KСМ, Халықаралық Қаржы  Корпорациясы (IFC), Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (EBRD), Macquarie Group и Renaissance Group қатысуымен жүзеге асырылды.

 Инвестициялық артықшылықтар құрылыс және  ақы төленетін автомобиль мен теміржол жолдарын, әуежайларды, порттарды және энергиямен жабдықтау көздерін  пайдалану саласындағы инфрақұрылымдық жобалар
 Инвестициялау географиясы (қордың 20% кем емес), Ресей (қордың 50% кем емес) және ТМД-ның басқа елдері
 Қордың капитализациясы 630 миллион АҚШ доллары
 ҚКМ үлесі 30 миллион АҚШ доллары
 Инвесторлар ҚКM, IFC, EBRD, Внешэкономбанк (ВЭБ), Macquarie Group, Renaissance Group

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛI:

fond14Brunswick Rail – Ресейдегі жүк вагондарының оперативтік лизингі нарығындағы жетекші компания. Компания паркінің есебінде  (2012ж. сәуірдегі деректер бойынша) заманауи және аса талап етілетін, тікелей өндірушілердің өзінен сатып алған, сондай-ақ қайталама нарықтағы мәміле нәтижесінде сатып алынған 22 000 астам вагон бар. Brunswick Rail вагондар паркі ресейлік экономика құрылымын, металлургия, көмірөндіру, химия, ағашөңдеу, мұнай және газ сияқты маңызды өнеркәсіптік салалардың жүк тасымалдаудағы қажеттілігін   көрсетеді. www.brunswickrail.com


«Русские Башни» компаниясы – Ресейдегі телекоммуникациялық мұнаралардың жетекші операторы және девелопері.  Компания  2009 жылы құрылған болатын және оның  Ресейдің 20-дан астам аумақтарындағы паркінде  пайдалану немесе құрылыс сатысында 300 астам мұнара бар. Компания әрбір телекоммуникациялық мұнарада бірден бірнеше операторға   жабдық орналастыруға арналған тәуелсіз сегменттерін жалға ұсынады және  мобильді байланыстың барлық жетекші ресейлік операторларымен келісімдері бар. www.rtowers.ru


ГСР Энерго (Ресей) – жылу энергиясы мен электр энергиясын өндіру және тарату. ГСР Энерго кәсіпорындарының тобы Колпино қаласының сол жағалауының, орталық және оңтүстік-батыс бөлігіне және қалалық инфрақұрылым объектілеріне жылу энергиясының негізгі өнім беруші болып табылады. Қаланы тиімді және сенімді түрде энергиямен жабдықтау Санкт-Петербург қаласының бүкіл Колпин ауданының  саяси және экономикалық тұрақтығының маңызды кепілі болып табылады. www.ijora.ru