«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Қазақстан-Тәжікістан тікелей инвестициялар қоры

Тәжікістан, Душанбе қ, ул. Айни, 24а, БЦ SAS

тел. +992 (44) 601 82 01

www.ktfpe.com

Қорды құру жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12-13 қыркүйектегі Тәжікістан Республикасына ресми сапары барысында  қол жеткізілген Қазақстан Республикасы (ҚР) мен  Тәжікістан Республикасының Мемлекет басшылары арасындағы  уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылды.

2007 жылғы 27 желтоқсанда  Қазына Капитал Менеджмент (ККМ)  қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.

2008 жылғы 12 мамырда  Тәжікістан Республикасы Президентінің  Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде  Қазына Капитал Менеджмент  және  Тәжікістан Республикасының Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті  арасында қордың құрылтайлық құжаттарына қол қойылды.

Бірінші кезеңдегі қорды капиталдандыру  4,8 миллиард  теңгені құрды.

Қор 2008 жылғы 2 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша Әділет департаментінде Акционерлік қоғам (АҚ) нысанында  тіркелген.

 Инвестициялық артықшылықтар энергетика, инфрақұрылым, минералдық ресурстарды  өндіру және өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм
 Инвестициялау географиясы Тәжікістан
 Қордың мақсатты мөлшері 80 миллион АҚШ доллары
 ҚКМ үлесі 32 миллион АҚШ доллары
 Инвесторлар ҚКМ және Тәжікістан Республикасының Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті