«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Қыргыз Қазақстан Тікелей Инвестициялар Қоры

447, Dostyk Av., Almaty, Kazakhstan

tel:  +7 727 320 1414, fax:  +7 727 334 1418

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қырғыз-Қазақстан тікелей инвестициялар қорын (ҚҚҚ) құру туралы жұмыс 2007 жылы 11 шілдеде қол қойылған ҚҚҚ құру туралы Үкіметаралық келісімге сәйкес басталған болатын. Мүдделі тараптар қорды құру және оның жұмыс істеуі бойынша негізгі талаптарды келісу бойынша бірнеше рет келісімөздер жүргізді. 2010 жылы Қырғыз Республикасындағы саяси өзгерістер мен әлемдік экономикадағы дағдарыстың салдарына байланысты ҚҚҚ құру туралы жұмыс уақытша тоқтатылып қойылды. Бішкек қаласындағы ҚҚҚ кеңсесінің ашылуы 2011 жылғы 25 қазанда Экономика және Қырғыз Республикасының монополияға қарсы саясаты минстрлігінің қолдауымен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (Қазақстан) ұйымдастырған «Капитал нарығы: шығарылымдар және болашағы» атты Қырғыз-Қазақстан инвестициялық форумын өткізу аясында болды.

ҚҚҚ-ның жарияланған акциялар шығарылымы 2012 жылғы 27 сәуірде тіркелді.2013 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорды қайта тіркеу жүргізіліп, «Қырғыз-Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ атты қордың атауы «Қырғыз-Қазақстан тікелей инвестициялар қоры» АҚ (ҚҚҚ) болып өзгертілді.

2013 жылғы 12 шілдеде Қырғыз Республикасы Үкіметінің Өкімі бойынша Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қор (ММБҚ) ҚҚҚ-ның тең құрылтайшысы ретінде белгіленді. Сонымен қатар, ҚҚҚ-ның құрылтайшылары: қазақстандық тараптан - "Қазына Капитал Менеджмент" (ҚКМ), қырғызстандық тараптан – жоғарыда аталған Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қор.

2013 жылғы 21 тамызда ҚҚҚ, ММБҚ және ҚКМ арасындағы құпиялылық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ тамызда ҚҚҚ Акционерлерінің жалпы жиналысында жарияланған акциялардың санын арттыру туралы шешім қабылданды: қазіргі уақытта уәкілетті органның тіркеуіндегі акция эмиссиясының проспектісіне өзгерістер әзірленген болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚКМ қырғыз тарапының ҚҚҚ-ға қосылуы жөнінде қорытындылау рәсімдерін жүргізіп жатыр.