«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Kazakhstan Growth Fund L.P.

50059, Қазақстан, Алматы қ., Фурманов к., 240 в, БЦ "CDC 2"

тел//факс: +7 (727) 334 04 44 , 334 40 00

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.        This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2008 жылғы 28 қарашада  Қазына Капитал Менеджмент қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.

2008 жылғы 3 желтоқсанда  Астана қаласында Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (EBRD) мен «Самрұқ-Қазына»  қорының   басшылығы арасында Бірескен қор құру  мәселелері жөніндегі  ниеттер туралы хаттамаға қол қойылған болатын.

Қордың  80 миллион АҚШ доллары сомасына жабылуы  2008 жылғы 31 желтоқсанда жүзеге асырылды.

Қазына Капитал Менеджмент  және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (EBRD) қордың  бастапқы инвесторлары болып бой көрсетті.
Қордың активтері ADM Capital басқарушы компанияның басқаруында.

 Инвестициялықартықшылықтар тамақ өнеркәсібі, өндіруші салаға арналған жабдық шығару, қызмет саласы, металлургия, ағаш өңдеу және текстиль өндірісі
 Инвестициялау географиясы Қазақстан, Ресей және Орталық  Азия елдері
 Қордың мөлшері 80,8 миллион АҚШ доллары
 ҚКМ үлесі 40 миллион АҚШ доллары
 Инвесторлар Қазына Капитал Менеджмент, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (EBRD)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛI:

fond13«Лабнет» ЖШС - дамыған аймақтық құрылымы бар  медициналық зертханалар желісін басқаратын қазақстандық холдингілік компания. Қазақстанның барлық аймақтарында «INVIVO» зертханасы» деген брендпен белгілі 70-тен аса қабылдау пунктінен тұратын бөлшектік желісі бар қазіргі заманға сай үш медициналық зертхананы біріктіреді кіреді. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ИСО 9001 және ИСО 15189 стандарттары бойынша сертификатталған бірінші және жалғыз зертханалар болып табылады. www.invivo.kz


fond004Chaplin Cinemas - Қазақстандық кинотеатрлар торабы (ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund-пен бірлескен инвестициясы). 2011 жылы өз қызметін «Манго» алматылық сауда орталығында бірінші кинотеатрын ашудан бастаса, қазіргі кезде Алматы, Атырау, Ақтау және Оралда Chaplin Cinemas біріккен желісінің 17 залы бар. Аз уақытта сенімді бизнес-серіктестің беделіне ие болған компанияның жоспары – Қазақстанның ірі қалаларында және Астанада кинозалдар ашу.