«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

ADM Kazakhstan Capital Restructurung Fund

050059, Қазақстан, Алматы қ., Фурманов к., 240 в, БЦ "CDC 2"

тел./факс: +7 (727) 334 04 44, 334 40 00

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2010 жылғы 6 сәуірде "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар Кеңесі қорға қатысу туралы шешім қабылдады.ADM KCRF-тің бастапқы инвесторлары “Қазына Капитал Менеджмент" (ҚКМ)  және Еуропалық Қайта Құрылымдау және Даму Банкі (ЕBRD) болып табылады. Қордың капитализациясы алғашқы кезеңде 100 миллион АҚШ долларын құрады. Мақсатты капитализация екінші және соңғы жабылуда басқа халықаралық инвесторларды тарту есебінен 225 млн. АҚШ долларына жетуі болжанады.

Қорды беделді ADM Capital халықаралық компаниясы басқарады.

 Инвестициялық артықшылықтар шикiзат  емес секторлардағы шағын және орта бизнес
 Инвестициялау географиясы Қазақстан
 Қордың мақсатты мөлшері 100 миллион АҚШ  доллары
 Инвесторлар Қазына Капитал Менеджмент, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (EBRD)

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛI:

fond002ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund және  Chagala International Holding Қазақстандағы коммерциялық және жылжымайтын тұрғын үй мүлкін дамытуға инвестициялау үшін құрылған бірлескен кәсіпорын.

www.chagalagroup.com


fond001Caspian Development Company Services ЖШС (CDCS) в 2005 жылы Батыс Қазақстан облысында  құрылған, бас офисі Атырау қаласында орналасқан. CDCS мұнайгаз секторына арналған жүк тасымалдау тәжірибесі бар. CDCS көтергіш механизмдер қызметін ұсынады, сондай-ақ Батыс Қазақстандағы  мұнайгаз секторындағы компанияларға қорамды емес жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді. Компания өзінің қызметін 2005 жылы Атырауда бір 25-тонналық ресейлік краннан  бастаған болатын. Бүгінгі таңда CDCS паркінің есебінде 38 автомобильдік кран бар. Крандардың жалпы жүккөтерімділігі  2 250 тоннаны  құрайды.


fond003«Жамбылгипс» АҚ қосылған Қазақ ССР АӨК «Гипсовый комбинат» базасының негізінде 2004 жылы пайда болған. Негізгі қызметі – гипс өндіру. Қордың қаражаты Жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа зауытты салуды көздейді. Зауыт тәулік сайын 600 тонна гипс, сағат сайын –  15 текше метр қопсыған перлит, 7 тонна кальцит ұнын, 30 тонна құрғақ құрылыс қоспасын шығаратын болады.Жаңа зауыттың іске қосылуы 2015 жылдың аяғына қарай жоспарланып отыр. «Жамбылгипс» жобалық өнімділікке қол жеткізген кезде өз қуатын 6–8 есеге арттырады. Сонымен бұл өнімнің 50%-ы экспортқа жіберілетін болады.


VDP Holding – Қазақстанның ірі қалаларында медициналық функционалдық диагностика бойынша орталықтарды ашатын бас холдинг компаниясы. Аталған орталықтар магнитті-резонансты томография, компьютерлік томография, рентгенография, флюрография, маммография, УДЗ және басқа зерттеулерді жүргізуге арналған заманауи аппараттармен жабдықталған. Бұл жоба Kazakhstan Growth Fund тікелей инвестициялар қорының портфельдік компаниясы - «Лабнет» ЖШС компаниясымен бірігіп іске асатын болады.


fond004Chaplin Cinemas - кинотеатрлардың қазақстандық желісі (Kazakhstan Growth Fund-пен бірлескен инвестициясы). 2011 жылы өз қызметін «Манго» алматылық сауда орталығында бірінші кинотеатрын ашудан бастаса, қазіргі кезде Алматы, Атырау, Ақтау және Оралда Chaplin Cinemas біріккен желісінің 17 залы бар. Аз уақытта сенімді бизнес-серіктестің беделіне ие болған компанияның жоспары – Қазақстанның ірі қалаларында және Астанада кинозалдар ашу.