«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Директорлар Кеңесі

Dosayev ДОСАЕВ ЕРБОЛАТ АСҚАРБЕКҰЛЫ

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар Кеңесінің Tөрағасы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы

1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған. 1987 жылы - Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы Республикалық физико-математикалық Мектеп-Интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді. 1997 ж. - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы; 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі; 1998 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; 2000 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі; 2001 ж. – Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы; 2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы; 2003 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі; 2004 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; 2006 - 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы; 2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі. 2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. 2016 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды. 2016 жылғы 16 мамырдан бастап Директорлар Кеңесінің шешімімен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конститу-циясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

2016 жылдың маусым айында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның акционері емес.


 

Hamitov

ХАМИТОВ ЕРСАИН ЕРБОЛАТҰЛЫ

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі

1983 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматы.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің қаржы және несие мамандығын тәмамдады.

2004 және 2006 ж. аралығында – Қостанай қаласындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелік талдау секторының меңгерушісі. 2006 және 2007 ж. аралығында – Алматы қ. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несиелік талдау департаментінің бас талдаушысы. 2007 және 2009 ж. аралығында – Алматы қ. «БТА Банк» АҚ корпоративтік бизнес №1 басқармасы бастығының орынбасары. 2009 және 2010 жж. – Астана қ. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестицияларды басқару департаментінің бас менеджері. 2010 және 2013 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері, Астана қ.

2013 және 2014 ж. ақпанға дейін  – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің директоры. 2014 жылдың наурыз айынан бері  – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры.

«Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ, «Қазақстан даму банкі» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Директорлар Кеңестерінің құрамдарында  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның мүдделерін қорғайтын өкіл болып сайланды. 2015 жылдың наурызынан бері «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның акционері емес.

Аудит және тәуекелдер комитетінің мүшесі. 


 

 

abramov

АБРАМОВ ИГОРЬ

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры1962 жылы туылған. Америка Құрама Штаттарының азаматы.

1962 жылы туылған. Америка Құрама Штаттарының азаматы.

Джорджтаун университетінің (Вашингтон қ.) және Колумбияуниверситетінің (Б.А., Нью-Йорк қ.) заң факультетін тәмамдады.

Заң ғылымдарының докторы.

Халықаралық сауда, инвестициялар, халықаралық іскери операциялар, корпоративтік басқару және этика, сонымен қатар АҚШ экспорттық бақылау ережелеріне сәйкес келу және реттеу  мәселелері бойынша кеңес берумен айналысады.

Израиль Жоғарғы сотының сот клеркі және Jackson, Tufts, Cole & Black компаниясының (Сан-Франциско қ.,Калифорния штаты) қауымдастырылған адвокаты болып қызмет етті. 1990 және 1994 ж. аралығында MRA Overseas Resources, Intl.(Сан-Франциско қ., Калифорния штаты) компаниясының Вице-Президенті және Бас Кеңесшісі лауазымын атқарды.  

1997 және 2008 ж. аралығында АҚШ Сауда министрлігі Халықаралық сауда басқармасында (Вашингтон қ., Колумбия округі) Ресей, Украина және Евразия бойынша Аға Кеңесші және Тиімді басқару бағдарламасының директоры лауазымдарын атқарды.

2008 және 2014ж. аралығында  Heenan Blaikie LLP және Heenan Blaikie Management, Ltd. (Торонто қ., Канада) халықаралық дамыту бойынша Кеңесші және Вице-Президент лауазымын атқарды.

Қазіргі таңда Dorsey and Whitney LLP компаниясының Серіктесі.  

2013 жылдың маусымынан бері «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның акционері емес.

Аудит және тәуекелдер комитетінің мүшесі. Кадр және әлеуметтік мәселелер комитетінің Төрағасы. Стратегиялық жоспарлау комитетінің Төрағасы.


 

МИЛУШЕВ ЭМИЛЬ ШАМИЛЬЕВИЧ

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ тәуелсіз директоры

1973 жылы туылған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Эмиль өзінің кәсіби мансабын 1995 жылы Ситибанктің өкілдігінен бастады. 1998-2005 ж. аралғында әртүрлі лауазымдарды атқарды және Ситибанк Қазақстан және Москкоммерцбанкте операциялық және бақылау қызметіне жауапты болды. 2007 жылдан бері ING Eurasia, Верный Капитал және Үштік Диалог Қазақстан инвестициялық-талдау бөлімшелерін басқарды. Лондон биржасында KazakhGold, SteppeCement, Zhaikmunai қазақстандық компанияларының IPO-сына тікелей қатысты. Қаржы дағдарысының шыңында Қазақстан үкіметінің экономикалық консультанттарының құрамында болды. 2009-2014 ж. аралығында Қазақстан қор нарығының дамуына «Real Invest.kz қаржы компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы "JazzCapital брокерлік үйі" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы ретінде белсенді атсалысты.

Эмиль Бостон қаласындағы Тафтс университеті Флетчер мектебінің түлегі, онда ол халықаралық бизнес және бизнес заңнамаға мамандыру бойынша халықаралық қатынастар магистрі (2005) дәрежесін қорғады. Сонымен қатар ол Қазақстан Политехникалық Институтын инженер-механик мамандығы (1995) бойынша бітірді. 

2013 жылдың тамыз айынан бері "БәйтерекДевелопмент" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директоры болып табылады. Стратегиялық жоспарлау, ішкі аудит және тәуекелдер комитетін басқарды. 2015 жылдың қарашасында

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директоры болып сайланды. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның акционері емес.