«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Басқарма

 

 


begulievБЕГУЛИЕВ ТИМУР ЕРКIНҰЛЫ

Басқарма Төрағасының Орынбасары
Қазынашылық, бюджеттік жоспарлау және операциялық қызметке жетекшілік етеді

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) Іскерлік әкімшiлiк және бухгалтерлік есеп бағдарламасы  бойынша бітірген. 2007 жылы  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джордж Вашингтон Университетінде (Вашингтон қ., АҚШ) қаржы саласындағы магистр дәрежесін алды. Procter&Gamble компаниясында, «Ұлттық инновациялық  қор» АҚ-да жұмыс тәжірибесі бар, бұл жерде ол инвестициялық  жобаларды қаржыландыру мәселелерімен айналысты және шетелдік инвестициялық қорлармен өзара іс-әрекет  жасады. «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ  Инвестициялық жобалар департаментінде жұмыс істеді. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңының жобасын дайындауға қатысты, Индустриалдық-инновациялық дамудың жеделдетілген мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу кезінде мемлекеттік органдармен өзара әрекет жасады, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қарау мен қаржыландыру кезінде жүйелік тәсілдемелерді әзірлеуге қатысты. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару және қазынашылық департаментінде жұмыс істеді.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқармасы Төрағасының Орынбасары қызметіне 2011 жылғы наурызда тағайындалды.