«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Сыртқы аудит

«ҚКМ» АҚ қаржы есептілігінің ішкі аудитін «КПМГ Аудит» ЖШС аудиторлық компаниясы іске асырды. Одан басқа, «ҚКМ» АҚ «КПМГ Аудит» ЖШС-мен 2015-2018 жылдарға арналған қаржы есептілігінің аудиті бойынша шарт жасасты.

Қоғам "КПМГ Аудит" ЖШС-ға 2014 жылдың қаржы есептілігінің аудитін іске асырғаны үшін ҚҚС-ты қоспағанда 8 900 000 теңге мөлшеріндегі соманы төледі. 2015-2018 жылдарға арналған қаржы есептілігінің аудиті бойынша қызметтердің сомасы – ҚҚС-ты қоспағанда 33 000 000 теңге мөлшерін көздейді.

Қоғам қаржы есептілігінің аудиті бойынша қызметтерден басқа, "КПМГ Аудит" ЖШС-дан «ҚКМ» АҚ-ның 2013 жылғы салық міндеттемелеріне шолу жасау мәселелері бойынша  ҚҚС-ты қоспағанда жалпы сомасы 2 365 000 теңгеге кеңес беру қызметтерін сатып алды.