Сарапшы-100-Қазақстан форумына қатысу
23 Қараша 2011
"Қазына Капитал Менеджмент" (ҚКМ) Басқармасының Төрағасы Абай Алпамысов қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін көтеру негізгі мақсаты болып табылатын «Сарапшы-100-Қазақстан» экономикалық форумына қатысты. «Экономиканы қаржыландыру: балама іздеу үстінде» атты панельдік пікірсайыста Алпамысов мырза қазақстандық компаниялар үшін қосымша қаржыландыру көзі ретінде тікелей инвестициялар индустриясын дамытудың маңыздылығына назар аударды. Алдағы жылдарда ҚКМ-ның қатысуымен құрылған тікелей инвестициялар қорлары саланың негізгі алға тартар күші болады. Қазіргі уақытта қорлар жалпы мердігерлік сомасы 350 млн. АҚШ долларын құрайтын 18 инвестициялық жобаны мақұлдады, оның 12 жобасы ағымдағы 2011 жылы мақұлданды, ол өз алдына осы индустрия үшін біршама жақсы көрсеткіш болып табылады. ҚКМ басшысының айтуынша, тікелей инвестициялар нарығының инфрақұрылымын дамыту заңнаманы жақсарту, кәсіпкерлердің private equity құралы туралы хабардарлылығын арттыру және Қазақстанда активтерді басқарудың ең үздік әлемдік практикасын енгізу аясында жалғастырылады.

