РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОРЫ ҚҰРЫЛДЫ
21 Желтоқсан 2011
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Астана қ.
РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОРЫ ҚҰРЫЛДЫ
2011 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында «Қазына Капитал Менеджмент» РОСНАНО, «ВТБ Капитал» және «I2BF Global Ventures» Ресей-Қазақстандық нанотехнологиялар қорын құру жөніндегі мәрелік құжаттарға қол қойылғаны туралы хабарлады. Бұл шара ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің.
Қор - екі ел басшыларының тапсырмасымен құрылды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің келісімдеріне сәйкес, екі мемлекетте де кәзіргі таңда инновацияларды дамытуға бағытталған жұмыс жалғасуда. Нанотехнологиялар қоры – осы атқарылып жатқан жұмыстың бір нәтижесі деуге болады.
2010 жылғы 6 қазанда Мәскеуде РОСНАНО, Қазына Капитал Менеджмент (Қазақстан Республикасы), ВТБ Капитал мен I2BF Global Ventures өкілдері ВТБ Капиталдың «Россия зовет!» инвестициялық форумында қорды құру жөніндегі ниеттер туралы келісімге қол қойған болатын.
Қордың мақсаттық мөлшері $100 млн. құрайды. РОСНАНО және Қазына Капитал Менеджмент якорлық инвесторлары ретінде әрекет етті және әрқайсысы өзіне қорға $25 млн. мөлшерде жарна енгізу жөнінде міндеттемелер қабылдады. ВТБ Капитал мен I2BF Global Ventures қорлар қаражаттарын басқарушылар жеке инвесторлардың $50 млн -нан $100 млн -ға дейінгі мөлшердегі қаражатын қосымша тартады. Қор қаражаттары Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының аумағындағы жобаларға тепе-теңдік негізінде инвестицияланатын болады. Қор қызметінің негізгі бағыттары екі елдің экономикасына нанотехнологияларды ендіру және дамуын ынталандыру, алдыңғы қатарлы технологиялар трансфертін қамтамасыз ету, жеке капиталдың инновациялық белсенділігін дамыту болып табылады. Ресей-Қазақстандық нанотехнологиялар қорының офистері Алматы және Мәскеу қалаларында ашылатын болады.
Қор 10 жылға құрылады. Инвестициялар баламалы энергия көздерін қоса есептегендегі энергия өндірісі, мұнайгаз секторы, телекоммуникациялар, биотехнология, электроника, табиғат қорғау технологиялары сияқты секторларда жүзеге асырылатын болады. Қордың жобаға қатысуының орташа мерзімі 5 жылды құрайтын болады.
«Қазына Капитал Менеджмент» басқармасының Төрағасы Абай Алпамысов қордың ашылуына байланысты былай деді: "Нанотехнологиялық жобаларға инвестициялауға бағытталған қорды құру қазіргі уақыттағы республикада белсенді түрде іске асырылып жатқан қазақстандық жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттеріне сәйкес келеді. Бірлескен қор қызметі венчурлық бизнесті басқаруда ең үздік халықаралық тәжірибеге негізделген және қазақстандық және ресейлік инновациялық жобалардың дамуына күш береді".
РОСНАНО басқарушы директоры Дмитрий Пимкин: «Халықаралық инвестициялық қорлар құру — компания қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Біз ресей-қазақстандық венчурлық қорды іске қоса отырып, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа жақтарын іс жүзінде ашып отырмыз. Енді біздің бірлескен инвестицияларымыз тек қана дәстүрлі шикізат жобаларына ғана емес, ал hi-tech» саласына бағытталатын болады”- деп атап өтті.
ВТБ Капиталдың венчурлық бизнес басшысы Айдар Қалиев былай деді: «Бұл қорды үлгі боларлық деп санаймыз. ТМД тарихында алғашқы рет екі серіктес-елдер аумағындағы үздік технологияларға инвестицияларды жүзеге асыратын венчурлық қор құрылды. Бұл бастама Ресей мен Қазақстан Үкіметтерінің Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі белсенді жұмысы жағдайында актуалды болып табылады. Өз кезегінде ВТБ Капитал венчурлық жобаларды тиімді іске асыру үшін өзінің жинақталған тәжірибесі мен ғаламдық платформасын ұсынуға дайын».
I2BF Global Ventures басқарушы директоры Илья Голубович: «Қазақстанның, Ресейдің және біздің ТМД бойынша көрші елдердің ОЭК, металлургия, көлік, ТКШ және басқа да экономикасының ірі саласына қызмет көрсететін замануи өнеркәсіптің ғылыми-техникалық және өндірістік базасын қайта құру үшін біздің елдердің қаржы ресурстарын пайдаланатын уақыт келді. Ол үшін біз қазақ серіктестерімізбен бірге ЕК, Жапонияның, Кореяның, Оңтүстік-Шығыс Азияның және басқа үздік елдердің замануи технологияларына қол жеткізудің бірегей мүмкіндіктерін пайдалануға тиіспіз. Біздің мақсатымыз – осы негізінде инвесторларға тек пайда әкелгенмен тұрмай біздің елдерге постиндустриалдық экономикаға жол ашатын меншікті зерттеу орталықтары бар жоғары технологиялық кәсіпорындарды жаңарту немесе құру»-деп атап өтті.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) Қазақстандағы тікелей инвестициялардың тиімді нарығын қалыптастыру мақсатында 2007 жылдың мамыр айында құрылған. ҚКМ қазақстандық компаниялар үшін қаржыландыру көзі болып табылатын тікелей инвестициялар қорларын қалыптастыру үшін Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тарту мақсатында құрылған. ҚКМ Қазақстандағы тікелей инвестициялар нарығының дамуына және активтерді басқарудың ең жақсы әлемдік практикасының енгізілуіне ықпал етеді. . ҚКМ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиесілі. 2011 жылы ҚКМ акциялары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлік басқаруға табысталды. www.kcm-kazyna.kz
«РОСНАНО» ашық акционерлік қоғамы 2011 жылдың наурыз айында «Российская корпорация нанотехнологий» мемлекеттік корпорациясын қайта ұйымдастыру арқылы құрылды. «РОСНАНО» ААҚ біршама экономикалық немесе әлеуметтік әлеуеті бар нанотехнологиялық жобаларда қосалқы инвестор ретінде әрекет жасай отырып наноиндустрияны дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. «РОСНАНО» ААҚ акцияларының 100% мемлекет меншігіне тиесілі. «РОСНАНО» ААҚ басқармасының Төрағасы болып Анатолий Чубайс тағайындалған.
«Российская корпорация нанотехнологий» мемлекеттік корпорациясының нанотехнологиялық инфрақұрылым құру және білімдік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі міндеттерін мемлекеттік корпорацияны қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған Инфрақұрылымдық және білімдік бағдарламалар қоры атқарады. www.rusnano.com.
ВТБ Капитал, ВТБ тобының инвестициялық бизнесі корпоративтікпен және бөлшектікпен қатар ВТБ тобы бизнесінің үш стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.2008 жылы құрылу сәтінен бастап ВТБ Капитал борыштық және акционерлік капитал нарығында 184-тен астам мәмілеге қатысты, бұл өз алдына ресей экономикасына 88 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға инвестициялар тартуға мүмкіндік берді. ВТБ Капитал Ресейде және одан тысқары ресейлік, сондай-ақ халықаралық клиенттерге өз қызметін борыштық және үлестік бағалы қағаздарды шығаруды ұйымдастыруға, тікелей инвестициялар бизнесін дамытуға, сауда операцияларын жүргізуге, активтерді басқаруға, клиенттерге капитал нарығында бірігу және жұтылу саласындағы мәмілер бойынша консультациялық қызметтер ұсынуға шоғырландыра отырып инвестициялық-банктік өнімдер мен қызметтердің толық спектрін ұсынады. Сондай-ақ ВТБ Капитал бизнесінің негізгі бағыттарының бірі - инвестицияларды басқару болып табылады.
2011 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ВТБ Капитал Ресей мен ТМД-дағы борыштық және акционерлік капитал нарығындағы Dealogic, Bloomberg және Thomson Reuters рэнкингтарда бірінші орын алып отыр. 2011 жылы Thomson Reuters Extel және Institutional Investor All-Russia инвесторлар сұратуларының нәтижесі бойынша ВТБ Капиталдың талдамалық командасы Ресейдегі ең жақсы команда болып танылды
«ВТБ Капитал Управление Активами» ЖАҚ, (Ресей ФСФР инвестициялық қорларды, инвестициялық үлестік жарна қорларын және зейнетақы қорларын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған 06.03.2002ж. № 21-000-1-00059 лицензия, қолдану мерзімі шектелмеген).
I2BF Holdings, США, Еуропа және Азия нарықтарында хедж-қорларды венчурлық қаржыландырумен және басқарумен айналысатын активтерді басқару жөніндегі халықаралық топ. I2BF 2005 жылдан бері қызмет етеді және жоғары технологиялар саласында маманданушы әртараптандырылған инвестициялық топ болып табылады. Басқаруындағы активтер сомасы $100 млн. астам соманы құрайды. Топ мөлшері $80 млн. астам венчурлық қорды, сондай-ақ EuroHedge Awards 2009 сыйлықақыға «Лучший новый хедж-фонд года» ретінде ұсынылған хедж-қорды басқарады. www.i2bf.com.

