РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОРЫ
2011 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында «Қазына Капитал Менеджмент» РОСНАНО, «ВТБ Капитал» және «I2BF Global Ventures» Ресей-Қазақстандық нанотехнологиялар қорын құру жөніндегі мәрелік құжаттарға қол қойылғаны туралы хабарлады. Қор - екі ел басшыларының тапсырмасымен құрылды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің келісімдеріне сәйкес, екі мемлекетте де кәзіргі таңда инновацияларды дамытуға бағытталған жұмыс жалғасуда. Нанотехнологиялар қоры – осы атқарылып жатқан жұмыстың бір нәтижесі деуге болады.Қордың мақсаттық мөлшері $100 млн. құрайды. РОСНАНО және Қазына Капитал Менеджмент якорлық инвесторлары ретінде әрекет етті және әрқайсысы өзіне қорға $25 млн. мөлшерде жарна енгізу жөнінде міндеттемелер қабылдады. Ресей-Қазақстандық нанотехнологиялар қорының офистері Алматы және Мәскеу қалаларында ашылатын болады.
Қор 10 жылға құрылады
|
Инвестициялық артықшылықтар |
Инвестициялар баламалы энергия, көздерін қоса есептегендегі энергия өндірісі, мұнайгаз секторы, телекоммуникациялар, биотехнология, электроника, табиғат қорғау технологиялары сияқты секторлар |
|
Инвестициялау географиясы |
Қазақстан, Ресей |
|
Қордың мақсатты мөлшері |
100 миллион АҚШ доллары |
| ҚКМ үлесі | 25 миллион АҚШ доллары |
|
Инвесторлар |
ҚКM, РОСНАНО |
