Негізгі мақсаттар мен міндеттер


Мақсаттары
• Қазақстан экономикасының шикізат емес секторларына жеке отандық және шетел капиталдарын инвестициялау белсенділігін көтеру және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;
• Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын, кәсіби басқарушы компаниялар индустриясын институционалдық дамыту;
• жеке бизнес мүддесін ескере отырып, мемлекеттік сипаттағы міндеттерді шешуге арналған жүйежасаушы және инфрақұрылымдық жобалардағы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту.
 

Міндеттері
• отандық және шетелдік  инвестициялық қорлар мен жобалау компанияларының  акционерлік капиталына қатысу арқылы тікелей инвестициялар инфрасқұрылымын құру жолымен мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысу;
• Қазақстанға ірі институционалдық инвесторларды тарту , сондай-ақ экономиканың шикізат емес секторларын инвестициялық қорлар  арқылы бірлесіп қаржыландыру үшін  отандық  инвесторларды ынталандыру ;
• стратегиялық серіктестер ретінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі мен тұрақты табыс көрсеткіштері бар жетекші халықаралық ұйымдар мен басқарушы компанияларды тарту;
•қазақстандық  экономика мүддесіне сәйкес мемлекетаралық инвестициялық қорлар мен жобалау компаниялары капиталына қатысу  механизмі арқылы біршама тартымды шетелдік активтерді іріктеу .