Қазақстан-Тәжікістан тікелей инвестициялар қоры
Қорды құру жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12-13 қыркүйектегі Тәжікістан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген Қазақстан Республикасы (ҚР) мен Тәжікістан Республикасының Мемлекет басшылары арасындағы уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылды.
2007 жылғы 27 желтоқсанда Қазына Капитал Менеджмент (ККМ) қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.
2008 жылғы 12 мамырда Тәжікістан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазына Капитал Менеджмент және Тәжікістан Республикасының Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында қордың құрылтайлық құжаттарына қол қойылды.
Бірінші кезеңдегі қорды капиталдандыру 4,8 миллиард теңгені құрды.
Қор 2008 жылғы 2 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша Әділет департаментінде Акционерлік қоғам (АҚ) нысанында тіркелген.
Инвестициялық артықшылықтар энергетика, инфрақұрылым, минералдық ресурстарды өндіру және өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм
Инвестициялау географиясы Тәжікістан
Қордың мақсатты мөлшері 80 миллион АҚШ доллары
ККМ үлесі 32 миллион АҚШ доллары
Инвесторлар KCM және Тәжікістан Республикасының Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі
|
Инвестициялық артықшылықтар |
энергетика, инфрақұрылым, минералдық ресурстарды өндіру және өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм |
|
Инвестициялау географиясы |
Тәжікістан |
|
Қордың мақсатты мөлшері |
80 миллион АҚШ доллары |
| ҚКМ үлесі | 32 миллион АҚШ доллары |
| Инвесторлар |
ҚКМ және Тәжікістан Республикасының Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті |
Тәжікістан, Душанбе қ,
ул. Айни, 24а, БЦ SAS
тел. +992 (44) 601 82 01
bsagymbay@ktfpe.com
http://ktfpe.com
