Әлеуметтік жобалар
2010 жылы Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) компаниясы Қазақстан Республикасындағы 2007-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткізілген баскетбол бойынша «Школьная Баскетбольная Лига ККМ» («ҚКМ Мектеп Баскетбол Лигасы») атты мектеп командалары арасындағы Алматы қаласының Біріншілігіне демеуші болды. 2010 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласында баскетбол бойынша Қазақстан Ұлттық Баскетбол федерациясымен серіктестікте «ҚКМ Мектеп Лигасының» қалалық Біріншілігінің салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылуда жобаның барлық қатысушыларына спорттық формалар мен баскетболдық доптар сыйға тартылды.
2010-2011 ж.ж. маусымда баскетбол бойынша жарыс 5-6 және 7-8 сыныптарындағы (ұлдар мен қыздар) мектеп командаларының арасында өткізілетін болады. Жоба шеңберінде 2010 жылғы желтоқсан – 2011 жылғы мамыр аралығында 173 ойын өткізу жоспарланып отыр. Жарыстарға 12 мектептен 20 команда тартылды. Оқушылардың жалпы саны 240 адамды құрайды. Әрбір жұма және сенбі сайын іріктеу турнирлері өткізіледі.
Жобаның айқындығын қамтамасыз ету және қазақстандық мектеп оқушылары арасында баскетболды әйгілеу үшін арнайы сайт www.sbasketball.kz. ашылды. Жоба шеңберінде, сондай-ақ басқа демеуші, яғни, мектептік баскетбол маусымы кезінде жарыстың барлық қатысушыларын ауыз суымен қамтамасыз етіп тұратын, су мен сусындардың қазақстандық өндірушісі –ASEM AI компаниясы да тартылды.
