CITIC Kazyna Investment Fund I L.P.

2007 жылғы 17-18 тамызда Қытай Халық Республикасы (ҚХР) Мемлекеттік кеңесінің Төрағасы   Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына сапары кезінде бірлескен қор құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.
2008 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қатысуымен  КСМ басшылары мен  CITIC Capital Қытай инвестициялық компаниясы Қорды құру туралы ниеттер хаттамасына қол қойды.
2008 жылғы 20 қазанда Қазына Капитал Менеджмент  (ҚКМ) қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.
Қордың болжамалы жалпы капиталдандыруы  бірінші кезеңде 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Келешекте  барлық қорлар бойынша жалпы капиталдандыруды 1 млрд. АҚШ долл. Дейін өсіру мақсатында екі кейінгі  қор құру жоспарланып отыр.
2009 жылғы 26 мамырда қорды құру жөніндегі құрылтайлық құжаттарға қол қойылған болатын.
Қордың активтерін басқаруды ҚКМ және  CITIC Capital Қытай инвестициялық компаниясының өкілдерінен тұратын  бірлескен кәсіби команда жүзеге асырады.

Инвестициялық артықшылықтар

шикiзат емес секторлар  

Инвестициялау географиясы 

Қазақстан, ҚХР

Қордың капитализациясы

200  миллион АҚШ доллары
 

ҚКМ үлесі  100 миллион АҚШ доллары
 

Инвесторлар

ҚКM,CITIC Capital Holdings, CITIC Group
 

Алматы қ., 050040, Қазақстан
Әл-Фараби даңғылы, 77/7, БЦ “Esentai Tower”
тел. +7(727) 356 5566, факс +7(727) 356 5566 (ішкі 201)

info@citic-kazyna.com