«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Өтімді портфельді басқару

Өтімді портфельді басқарудың басты мақсаты –қысқа мерзімді келешекте  компания активтерінің сақталуын, өтімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету.

Стратегиясы консервативті.

Қаржы құралдары

Өтімді қоржын  барлық  өтімділігі жоғары және тәуекел деңгейі  төмен қаржы құралдарын, сондай-ақ құрылымдық өнімдер мен туынды құралдарды  қамти алады. Қаржы құралдарының әрбір тобының өзінің рұқсат етілген үлесі және ең төмен несиелік рейтингі бар.

Өтімді портфельді басқару қағидаттары

Активтерді басқару  қаржы нарығындағы инвестициялық стратегиялардың әр түрін пайдалана отырып өздігінен инвестициялау  арқылы, сондай-ақ активтерді сыртқы басқаруға тапсыру арқылы  жүзеге асырылады.

Өздігінен басқару:

• тәуекелдерді уақтылы баланстау;

• компанияның өтімділігін тиімді басқару;

• активтердің және тұрақты табыстардың сақталуын қамтамасыз ету.

Активтерді сыртқы басқаруға тапсыру:

• активтерді басқаруға байланысты тәуекелдерді диверсификациялау;

• инвестициялардың табыстылығын өсіру;

• басқарудың халықаралық тәжірибесінің трансферті;

• сыртқы басқарудың аналитикалық материалдарына, зерттеулеріне және техникалық ресурстарына рұқсат алу.