«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

13 Шілде 2016 | Kazakhstan Growth Fund тікелей инвестициялар қоры санитарлық-гигиеналық өнімдер шығаратын «SUNPAPER» компаниясына 10 млн доллардан астам инвестиция салады

 

                sunpaper                                                                                                                                                                                

ADM Capital басқаруындағы және «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компаниясы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның қатысуымен қорлар тобына кіретін Kazakhstan Growth Fund (KGF) тікелей инвестициялар қоры «SUNPAPER» ЖШС компаниясында миноритарлық бұғаттаушы акциялар пакетін сатып алу мәмілесінің аяқталғандығы туралы мәлімдеді.

            «SUNPAPER» компаниясы нарықта шаруашылық-тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы сапалы тауарлардың, атап айтқанда, «Sunpaper», «Love», «Flamingo» және «Утро» сауда белгілерінің майлықтарының, дәретхана қағазының және қағаз сүлгілерінің сенімді жеткізушісі ретінде белгілі. Отандық компанияның өндірісін кеңейту импортталатын өнім көлемін айтарлықтай азайтуға, сондай-ақ нарықта ұсынылатын санитарлық-гигиеналық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда мемлекеттің ұстанып отырған шағын және орта бизнеспен (ШОБ) айналысатын компанияларды қолдау және дамыту саясатының аясында, сондай-ақ ел ішіндегі өндірісті дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде, көпшілік инвесторлар үшін халық тұтынатын тауарлар, соның ішінде тұрмыстық тауарлар өндіретін компаниялар үлкен қызығушылық тудырып отыр. KGF қорының инвестициялары «SUNPAPER» ЖШС мемлекет нарығында алдыңғы қатардан табылуы мақсатында компания өндірісін одан әрі кеңейтуге бағытталатын болады», - деп атап өтті ADM Capital басқарушы директоры Әділ Өсжігіт.

Жергілікті тауар өндірушілердің ішінде «SUNPAPER» компаниясы Қазақстан нарығында нақты өткізу көлемі бойынша екінші орынды иеленеді. Ол Отандық тауар өндірушілер тізілімінде тіркелген (CT-KZ сертификаты) және халықаралық нарыққа шығу және әлемдік брендтермен бәсекеге түсу мүмкіндігіне ие.

«SUNPAPER» ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы Вадим Цапконың айтуынша, компанияның барлық өнімдері экологиялық таза шикізаттан дайындалады.

«KGF қорының инвестициялары есебінен компанияның қазіргі өндірістік қуаты одан әрі кеңейтілетін болады, мұнан былай сондай-ақ целлюлозаны қайта өңдеуден бастап ақырғы өнімге дейінгі толық циклді жоғары технологиялық жаңа заманауи жабдық орнатылу жоспарлау, бұл бұрынғы тауарлар ассортиментін жетілдіруге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде тауарлардың сапалық және эстетикалық сипаттамаларын жақсартып, өндіріс көлемін арттырады және сондай-ақ өнімдердің өзіндік құнын азайтады», - деді ол.

Сонымен қатар, ADM Capital серіктесі Орынбасар Қуатов атап өткендей, бүкіл дүние жүзі бойынша тұтынушылық сектор рөлінің артуы байқалады, тиісінше тұрмыстық тауарлар өндірісіне инвестициялар салуға үлкен қызығушылық танытылып келеді.

 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Баспасөз қызметі

Эл.мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тел.: +7 7172 554 222 (ішкі 120)

 

Kazakhstan Growth Fund (KGF) 2008 жылы құрылған. Қордың инвесторлары Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ болып табылады. KGF инвестициялық портфеліне халық тұтынатын тауарлар өндірісі, астықты қайта өңдеу, денсаулық сақтау, тасымалдау және логистикалық қызметтер, сондай-ақ бос уақытты ұйымдастыру қызметі саласындағы жобалар кіреді. Қордың басқарушы компаниясы – ADM Capital. www.admcap.com

 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) тікелей инвестициялар қорларының қазақстандық қоры болып табылады. ҚКМ шетелдік институционалдық инвесторлармен біріге отырып, экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын инвестициялық қорлар акционері болып табылады. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді. www.kcm-kazyna.kz